Жаңалықтар

Заңгер Айгүл Орынбектің ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Сурет ашық дереккөзден алынған

Әзірге аталған жайт бойынша ресми ақпарат айтылған жоқ.

Қоғамдағы белсенділігімен танылған заңгер Айгүл Орынбектің ұсталғаны жайында хабар тарады, деп жазды turkystan.kz.

Бұл туралы бірінші болып Михаил Козачков Telegram-дағы арнасында жазған.

«Koza4kov_bot-қа Шымкентте блогер Айгүл Орынбектің бүгін ұсталғанын жазып жатыр. Қазір ол полицияда. Ол «Алаяқтық», «Сотқа дейінгі деректерді жария ету» және «Сот төрелігіне кедергі жасау» баптары бойынша күдікке ілінген», — деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.