Қарағандыда жасөспірімдер 11 жастағы қызды тонап кеткен
Қылмыстық іс қозғалды.
Қарағандыда бір топ жасөспірім 11 жастағы оқушыға шабуыл жасап, телефонын алып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Күдіктілер мектепке бара жатқан 11 жастағы қыздың телефонын алып, қашып кеткен», - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары 16-17 жастағы жасөспірімдерді ұстады. Олар істеген ісін мойындаған. Айғақтар тәркіленді.
Қазір қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүріп жатыр.