Алматы облысында жол апатынан 1 адам қаза тапты
Ал жүргізуші мен екі жолаушы әртүрлі жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Алматы облысында жол апатынан бір жолаушы қаза тауып, үш адам запдап шекті.
28 қазанда Еңбекшіқазақ ауданы Ақтоғай ауылының маңындағы Алматы – Көкпек – Көктал автожолының 51-шақырымында жол апаты болды. LADA Largus жүргізушісі рөлді басқара алмай, ағашқа соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы ретінде келе жатқан 40 жастағы әйел сол жерде қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы әртүрлі жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Көлік жүргізу кезінде басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігі сізге байланысты екенін ұмытпаңыз.