«Құлап қала беремін»: Марқұм Құрманай Бақтиярқызының соңғы видеосы жарияланды
Марқұм ауруханада жатып, халыққа дұға тілеуін өтінген.
Танымал сазгер, ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірінің соңғы сәтіндегі видеосы желіге тарады.
Марқұм ауруханада жатып, халыққа дұға тілеуін өтінген.
«Бүгін тойға барамын деп едім, ауруханадан бір шықтым. Басым айналып, құлап қала беремін. Қан қысымым да төмен болып тұр. Алланың дегені осы болды. Тұсаукесерге барамын деп отыр едім. Жолдан макияж жасатамын деп едім. Ауырмайықшы! Тілекшілерім, мен үшін дұға жасаңыздаршы», – деген соңғы сөзінде марқұм өнер иесі.