Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Тұрақсыз ауа райы сақталады
Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде әлі де жауын-шашын сақталатынын хабарлады.
«Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атлантикалық циклонының ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болжанады», — деп мәлімдеді Қазгидрометтен.
Ал 30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сонымен қатар жел күшейеді деп күтілуде.
Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.