Жұптық сында жарыстың бірінші ракеткалары, қазақстандық Амир Омарханов пен кореялық Хойонг Рох үздік шықты, деп хабарлады turkystan.kz порталы ҚТФ-қа сілтеме жасап.
Қазақстандық-кореялық жұп финалда корт иелері Йенсу Джейонг пен Джангжун Кимді айқын басымдықпен ұтты. Есеп - 6:2, 6:2.
Қыздар арасында Мәлика Әмірғалиева тайбэйлік Ю Чен Лимен бірге жұптық сында финалға дейін жетті. Олар соңғы, тартысты бәсекеде кореялықтар Йесунг Чо мен Су Джонгқа есе жіберді Есеп - 6:1, 5:7, 8:10.
Жекелей сында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия рейтингісінде көш бастаған Заңғар Нұрланұлы жартылай финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы, кореялық Хойонг Рохқа жол берді. Есеп - 4:6, 1:6.