Жаңалықтар

Алматы облысында жүргізуші полиция қызметкерін көлікпен сүйреп әкеткен (ВИДЕО)

сурет ашық дереккөзден алынды

Полиция қызметкері тас жолдың үстіне құлап, жарақат алған.

Алматы облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізуші полицейді өз көлігімен сүйреп өтті, деп хабарлады turkystan.kz Алматы облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматы облысы Байсейіт ауылында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қанат Темірбаев пен Эльдар Махмудов жол ережесін бұзғаны үшін Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатқан. Хаттама толтыру кезінде автокөлік орнынан қозғалып, полиция қызметкерін сүйреп кеткен.  

«Хаттаманы толтыру кезінде Достық ауылының 34 жасар жүргізушісі заңды талаптарға бағынудан бас тартты. Полицейлерді елемей, ол көлікке отырып, капитан Темірбаевтың саусақтарын есігімен қысып қалғанына қарамастан, орнынан жылдам қозғалып, офицерді шамамен 10-15 метр сүйреп өтті. Полиция қызметкері тас жолдың үстіне құлап, жарақат алды. Құқық бұзушы тәртіп сақшыларынан жасырынуға тырысты. Оған қарамастан, бұл әрекет нәтижесіз болып шықты. Көп ұзамай ол ұсталып, Шелек ауылының полиция бөліміне жеткізілді», - делінген хабарламада.

Билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, ал жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.

 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от 🇰🇿 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)