5 жылға дейін сотталуы мүмкін: Актер Жерар Депардьеге қатысты сот басталды
Депардье өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып келеді. Прокурорлардың айтуынша, актер әйелдерге «зорлық, мәжбүрлеу немесе қорқыту» арқылы шабуыл жасаған.
Жәбірленуші оқиғадан кейін актердің кешірім сұрағанын айтты. Алайда сенбі күні берген сұхбатында ол Депардьенің ашуға булығып, өзін кінәлап, мәселе туындатқаны туралы мәлімдеді. Прокурорлар да актердің әрекеті шын мәнінде кешірімге жатпайтынын куәгерлердің растағанын айтып өтті.
Сот үкімінің қашан шығатыны белгісіз. Егер актер кінәлі деп танылса, оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Өткен жылы 56 актер, жазушы және продюсер Жерар Депардьені қолдау үшін эссе жариялап, «Депардьеге шабуыл жасалғанда, кино өнеріне де шабуыл жасалады» деген мәлімдеме жасады.
Бүгінгі сот отырысы қарсаңында феминистік ұйымдар сот ғимаратының алдында наразылық шарасын өткізетіндерін хабарлады.