Жаңалықтар

Жамбылдық жігіт өзінің 26 жыл бұрын туғанын сотта дәлелдеді

istockphoto.com

Жамбыл облысының Сарысу ауданының 26 жастағы тұрғыны өзінің өмірге келгенін растау үшін сотқа жүгінген.

Ол арызында өзінің 1998 жылдың 6 ақпанында бақташылар отбасында туғанын көрсеткен. Анасы оны үйде туғандықтан, бала еш жерде тіркелмеген, құжат алынбаған.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ оның туу туралы куәлігі болмағандықтан өмірге келгенін сот арқылы дәлелдеу қажеттігін хабарлаған.

Жігіттің тұлғасын анықтау үшін ауылдық округ әкімі комиссия құрып, жасын анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберген.

Сараптама жігіттің жасы 24-25 жасқа сай келетіні туралы қорытынды шығарған.

Сот балаға салынған екпелер туралы медициналық карта, мектеп анықтамасын, ауылдық округ әкімінің хатын зерделей отырып, бала туған кездегі куәгерлерден жауап алып, талапкердің өмірге келгенін айғақтады. Енді ол қоғам мүшесі ретінде қоғамдық өмірге толықтай араласа алады.