Жаңалықтар

Алматы тұрғыны автосалонмен соттасып, 48 млн теңге өндіріп алды

istockphoto.com

Сатып алған автокөліктің жоғары вольтты батерейі сапасыз болып шыққан.

Алматылық азамат автосалоннан жаңа көлік сатып алған. Бірақ кейін жоғары вольтты батарейінде ақау бары анықталған.

Сатып алушы автосалонға бірнеше рет барып, келісімшартты бұзуды талап еткен. Бірақ ақшасын сол күйі қайтара алмаған. Соңында Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне жүгінген. Мемлекеттік орган араласқаннан кейін ғана автосалон келісімге келген.

Қазақстанда автокөлік саласы қиындығы ең көп саланың бірі болып отыр. Осы уақытқа дейін 36 азамат сапасыз автокөлік үшін сотқа жүгінген. Талап еткен сома мөлшері 505,1 млн теңгені құраған.