Түркістандық спортшылар қол күрестен Азия кубогында 23 алтын алды
Ал Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте көш бастады. Екінші орынды Үндістан иеленсе, Иордания үшінші орынға табан тіреді.
Азия кубогының қорытындысы бойынша, 23 алтын медальді шардаралық спортшылар жеңіп алды. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте көш бастады. Екінші орынды Үндістан иеленсе, Иордания үшінші орынға табан тіреді.
Балалар арасында Ибрагим Азамат, Назар Заңғар, Хали Текжігіт, Әшім Азат, Алдан Нұрсұлтан мен Анвар Эльдар өз салмақтарында қарсылас шыдатпай жеңіске жетті. Ал жасөспірімдер арасында Жасурбек Маманияз, Қожабек Бекнұр, Мелдебек Болат пен Ибрагим Әділет Азия кубогының иегері атанды. Жасөспірім қыздар арасында Оралбай Ұлжан мен Оразхан Ырысты қоржынға қос алтынды салса, жастар арасында Азия кубогы Айыпхан Ерсұлтанның қоржынына түсті.
Ересектер арасында Қожантай Бекжан, Зәрубек Санжар, Ерсайын Мейрамбек, Айдархан Нұрдаулет, Қаржау Есболат, Бекжігіт Асылжан, Тұрғанбек Тұрарбек, Басымбек Нұрболат, Хали Қасымжомарт пен Роман Данияр қарсыластарын қапы қалдырып, алтын медаль еншіледі.