Шерзат Болаттың ісі: 5 бап бойынша іс қозғалған
Ішкі істер министрлігі 16 жастағы Шерзат Болаттың ісіне қатысты 5 бап бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 5 бабы бойынша іс қозғалған: 99-бап (Қасақана кісі өлтіру), 293-бап (Бұзақылық), 115-бап (Қорқыту), 432-бап (Қылмысты жасыру), 434-бап (Қылмыс туралы хабарламау).
«Тергеу барысы менің жеке бақылаымда. Оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Министрдің айтуынша «Қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша 8 адам, «Қылмыс туралы хабарламау» бабымен 3 адам ұсталған.