Үш күнде 4 есірткі зертханасы жойылды
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті қарқынды жүргізіп келеді.
Үш күн ішінде полиция төрт есірткі зертханасын анықтап, алты адамды ұстады, олардың екеуі шетел азаматы.
Сондай-ақ 66 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 13-і сату фактісі және тоғызы сақтау фактісі.
Заңсыз айналымнан 35 келіден астам есірткі, оның ішінде 24 кг “синтетика” және 11 кг марихуана тәркіленді.
Аталған қылмыстар бойынша 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.