Әлемдік мұнай бағасы күрт түсіп кетті

28 қазан, 2024 / Админ
istockphoto.com
Эталондық мұнай маркаларының бағасы арзандады.

Астана уақытымен бүгін таңертең 08:20-да Лондонның ІСЕ биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 72,68 долларға дейін түсіп, 4,43 пайызға арзандады.

WTI маркалы мұнай бағасы 4,54 пайызға арзандап, 68,52 долларға түсті.

Сарапшылар 28 қазан күні мұнай бағасы түсетінін болжаған болатын. Себебі Израильдің Иранға жасаған шабуылы мұнай мен ядролық инфрақұрылымға тиген жоқ, энерготасымалдаушылар жеткізіліміне кедергі жоқ.

Тэгтер:

мұнай бағасы