Өскеменде Хэллоуинға дайындалған дәмханаға айыппұл салынды
Қазір бұл пакет алынып тасталды
Өскемендегі дәмханалардың бірінің алдындағы ағашта қара полиэтилен пакетке оралып, адам денесіне ұқсас салбырап тұрған белгісіз зат пайда болды.
Дәмхана қожайыны осы арқылы Хэллоуин мерекесіне дайындалған. Арандатушылық дизайн үшін мекеме иесіне айыппұл салынды.
Дәмхана "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін" 30 АЕК (111 мың теңге) төлеуге мәжбүр болады.
Қазір бұл пакет алынып тасталды.