Жаңалықтар

Мемлекеттік бағдарламамен жеңілдетілген автонесие беріле бастады

ашық дереккөзі

Мемлекеттік бағдарламамен жеңілдетілген автонесие беріле бастады

Қазақстандықтар банктер мен автоөндірушілер бірлесіп мемлекеттік жеңілдетілген несие бағдарламасын жүзеге асыруды бастады, - деп хабарлайды «Астана Моторс» ҚМК.

2015 жылдың 16 сәуірінен бастап «Астана Моторс» елдегі банктердің бірінің көмегімен Қазақстанда жиналған Hyundai модельдеріне деген өтініштерді қабылдай бастады. Компания келтірген деректерге сәйкес, жеңілдетілген несие бойынша орта есеппен көлік құнын 3,3 млн теңге деп есептегенде, мемлекеттен бөлінген 15 млрд теңге 4 800 көлікке жетеді екен. Көліктер екі-үш ай ішінде сатылып бітеді. «Астана Моторс» өкілдерінің айтуынша, компания несие рәсімдеу барысында қосымша комиссия ұстамайды.