Жаңалықтар

Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы қыз табылды

istockphoto.com

19 қазанда Дильназ үйден шығып, кері оралмаған, телефон қоңырауларына да жауап бермеген

Полиция қызметкерлері 16 жастағы ақмолалық жасөспірімнің орналасқан жерін анықтады.

Туыстарының айтуынша, 19 қазанда Дильназ үйден шығып, кері оралмаған, телефон қоңырауларына да жауап бермеген. 

Бірнеше күннен кейін туыстары полицейлерге көмек сұрап, жүгінді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қыздың Семей қаласында жүргені белгілі болды.