Жаңалықтар

Атырау облысында жол апаты болып, төрт адам жанып кетті

видеодан скриншот

Апат болардан бір сағат бұрын жүргізуші ескерту алған.

Апат болардан бір сағат бұрын жүргізуші ескерту алған. Атырау – Орал тас жолында ресейлік нөмір таққан көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларының ескертуіне қарамастан, ірі жол апатын жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

26 қазанда патрульдік полиция қызметкерлері таңғы сағат 04:00-де Ресейде тіркелген Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатып, жол ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге хаттама толтырған. Түнгі уақытта абай болу қажеттігін ескерткен.

Алайда ескертуге қарамастан, таңғы сағат 06:00-де 38 жастағы жүргізуші қарсы бағытта қозғалып бара жатқан жүк көлігіне соғылған.

«Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Автокөлік толықтай өртеніп кетті. Қазір қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Атырау облысының Полиция департаменті.