Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады

istockphoto.com

28-29 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады.

Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.

Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.