Жетісу облысында жер сілкінді
Бүгін қазақстандық сейсмологтар Лепсі ауылынан батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінгенін хабарлады.
Жер сілкінісінің ммагнитудасы 3,6 балды құраған.
«Геофизикалық зерттеулер институтының деректеріне сәйкес 2024 жылдың 26 қазанында Астана уақытымен сағат 11:12-де Лепсі ауылынан батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінген», - делінген хабарламада.