Жаңалықтар

Қаскелеңде көпқабатты үйден өрт шығып, 5 адам эвакуацияланды

ТЖМ

70 шаршы метр алаңда өрт сөндірілген.

Алматы облысында өртсөндірушілер 5 адамды эвакуациялады, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

«Бүгін Қарасай ауданы Қаскелең қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер жанды. ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. 15 тұрғын өздігінен далаға шықты. Өртсөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді», - делінген хабарламада.

70 шаршы метр алаңда өрт сөндірілген.

«Өрт салдарынан 1957 жылы туған әйелді күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.