Түркістан облысында мақта өңдеу зауытынан өрт шықты
Зардап шеккендер жоқ
Түркістан облысында мақта өңдеу зауатынан өрт шығып, 40 тоннаға жуық мақта жанып кетті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрллігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Түркістан облысының құтқарушылары 80 тонна мақтаны өрттен қорғап, өрттің таралуына жол бермеді. Оқиға Мақтаарал ауданының Ақалтын ауылында болды. Мақта өңдеу зауытының аумағында 150 шаршы метр алаңда 40 тоннаға жуық жиналған мақта өртенген.
«Өрт сөндірушілер өрттің 350 шаршы метр алаңға таралуына жол бермей, 80 тонна мақтаны өрттен қорғап қалды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда»,-делінген хабарламада.