Павлодарда трамвай жол апатына ұшырады

25 қазан, 2024 / Дана Ізтілеуова
Sputnik / Владислав Воднев
Трамвай жүргізушісін жауапкершілікке тарту үшін материал жиналады

Павлодарда трамвай мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Трамвай жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, трамвай жолдарындағы қиылыста тұрған Тойота Камри маркалы автокөлікпен соқтығысқан.

Зардап шеккендер жоқ. Трамвай жүргізушісін жауапкершілікке тарту үшін материал жиналады.

Тэгтер:

Павлодар Жол апаты