Қоғам

Ақтауда ауруханада жатқан науқас терезеден секірмек болған

Видеодан алынған кадр

Қазіргі уақытта науқастың палатасының жанында полицейлер кезекшілік етуде

Өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған науқастың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 26-шағынаудандағы Маңғыстау облыстық ауруханасында болған.  

1972 жылы туған науқас жүрек ауруымен ауруханаға түскен. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, полиция шақырту бойынша оқиға орнына жеткен. Ер адам құтқарылды. Алдын ала болжам бойынша, суицид әрекетінің себебі - отбасындағы жанжал. Қазіргі уақытта науқастың палатасының жанында полицейлер кезекшілік етуде.