Өртеніп жатқан пәтерден 6 жастағы бала құрқарылды
Баланың анасы сол уақытта дүкенге шығып кеткен
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 6 жастағы бала құтқарылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар министрлігі 112 пультіне Астананың Кравцов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шыққаны және онда бала бар екені туралы хабар түскенін мәлімдеді. Оқиға орнына барған құтқарушылар көршілердің құлыпталған есікті ашып, 2018 жылы туған баланы сыртқа шығарғанын анықтады. Өрт сөндірушілер өртті жылдам сөндірді.
Министрлік баланың зардап шекпегенін және өрттің себебі анықталып жатқанын мәлімдеді. Белгілі болғандай, баланың анасы сол уақытта дүкенге шығып кеткен.