СҚО-да кейбір жолдардағы көлік қозғалысына шектеу енгізілді

25 қазан, 2024 / Дана Ізтілеуова
ҚазАвтоЖол
Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы хабарлады

Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысын шектеу енгізілді, деп хабарлады ҚазАвтоЖол компаниясы.

2024 жылғы 25-27 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облысында шұңқыр жөндеу жұмыстарына байланысты М-51 "РФ шекарасы (Челябинскiге) - РФ шекарасы (Новосибирскiге), Петропавл, Омбы арқылы" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 525-530 шақырым аралығындағы учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Тэгтер:

СҚО