БҚО-да 4 тонна шөп өртеніп кетті

25 қазан, 2024 / Дана Ізтілеуова
ТЖМ
Өрт 16 шаршы метр алаңда сөндірілді

Теректі ауданы Ақжайық ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде 4 тонна шөп өртенді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің шаруашылық құрылыстарға таралуына жол берілмеді. Өрт 16 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Тэгтер:

өрт БҚО