Экономика

Қазақстандықтар азық-түлікке ай сайын 114 мың теңге жұмсайды

istockphoto.com

Сауалнамаға қатысқандардың 30%-ға жуығы 30 күнде 75-100 мың теңге аралығында жарататынын айтқан

Қазақстандықтар азық-түлікке ай сайын орта есеппен 113 мың 870 теңге жұмсайды, деп хабарлады turkystan.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.

Сауалнамаға қатысқандардың 30%-ға жуығы 30 күнде 75-100 мың теңге аралығында жарататынын айтқан.

Әрбір бесінші тұрғын, яғни 17%-ы ай сайын тамаққа 100-150 мың теңге бөледі.

Тағы 12%-ы 75 мыңға дейін, қалған 10%-ы 150-200 мың теңге қаржысын айлық азығына арнайды.