Астанада металл қабылдау пунктінде шыққан өрт сөндірілді

25 қазан, 2024 / Дана Ізтілеуова
ТЖМ
Зардап шеккендер жоқ

Астананың Байқоңыр ауданындағы Матақ көшесінде орналасқан металл қабылдау пунктінде резеңке-техникалық қалдықтар өртенді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Өрт 20 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

 

Тэгтер:

Астана