Жаңалықтар

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

istockphoto.com

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Астанада 25 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23 м/с-ке дейін жетеді.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда оңтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанайда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семейде жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Павлодарда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы түнде 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Таразда да тұман түседі.