Ақпаратты полиция департаменті растады.
«16 жастағы жасөпірім Доспанов көшесімен келе жатып, «Шевроле» маркалы автокөлігіне соғылып, аударылып кеткен. Әрі қарай оны жолда келе жатқан экскаватор басып кеткен», - делінген хабарламада.
Өкінішке қарай жасөспірім алған жарақатынан көз жұмған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.