Алматыда ірі көлемде есірткі өндіретін зертхана табылды
Сот-химиялық сараптамасының мәліметтері бойынша, ұнтақты зат - мефедрон, салмағы 21 келі 773 грамм
«Жалдамалы үйде синтетикалық есірткі өндіруді ұйымдастырған 35 жастағы Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Тінту кезінде ұнтақты заттар салынған ондаған полиэтилен байламдар, белгілі бір иісі бар көлемді канистрлерге салынған шикізат, сорғышы және гофры бар 1,80*1,20 өлшемді монша, ішінде реагенттерді, шелектерді, қабаты бар пластмассаны араластыруға бейімделген 150 литрлік пластикалық бөшке, таразылар және басқа да зертханалық жабдықтар анықталды және процессуальдық түрде тәркіленді. Сот-химиялық сараптамасының мәліметтері бойынша, ұнтақты зат - мефедрон, салмағы 21 келі 773 грамм», - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.
Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Есірткі зертханасының маманы қамауға алынды. Алматы қаласын «синтетика» өндірісі үшін шикізатпен қамтамасыз ету арнасы анықталып жатыр.