Қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрманғазының күйімен қарсы алды

24 қазан, 2024 / Админ
Aqorda
Қазақстан Президенті Татарстанға БРИКС саммитіне барды.

Онда Мемлекет басшысын оркестрдің орындауындағы Құрманғазы күйімен қарсы алған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС-тің XVI саммиті аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен, Лаос Президенті Тхонглун Сисулитпен, Конго Президенті Дени Сассу-Нгессомен және Вьетнам Премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесіп, аз-кем әңгімелесті.

 

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Татарстан