«100 пайыз сенімді едім»: Динара Сәтжан алаяқтарға алданғанын айтты
Оның сөзінше, алаяқтар танымал адамдардың ортасында жүріп, олармен суретке түсіп, жақсы «портфолио» жасайды.
«Биыл – алаяқтар жылы. Мен де солардың құрбаны болдым. Мен адамдарды жақсы танитыныма 100 пайыз сенімді едім. Алдымда тұрған адамның қандай екенін түсіну үшін маған 10 минут жеткілікті деп ойлайтынмын. Бұлай сенімді болуға болмайды. Қандай сақ адам болсаң да, алаяқтың құрбаны болуың мүмкін. Мен жалғыз емеспін. Соңғы кездері достарымнан оларды алдап кеткені, жақындарының өзі сатып кеткені жайлы оқиғаларды көп естідім. Кинопродюсерлер, стилистер, байерлер, фотографтар. Ешкім алаяқтардан сақтандырылмаған», – дейді жүргізуші.
Оның сөзінше, алаяқтар танымал адамдардың ортасында жүріп, олармен суретке түсіп, өзіне жақсы «портфолио» жасайды.
«Олар эмоцияңмен «ойнайды», керемет нәтижелерді уәде етеді. Өзіне портфолио жасап, сіздің араласатын ортаңызда жүреді. Әдетте, олардың инстаграмында танымал әлі беделді адамдармен түскен суреттер болады. Олардың ісі сол: суретке түседі, басқаның ақшасын жұмсайды және жаңа құрбан іздейді. Шулы жерде әрекет етеді. Төлемді үнемі асықтырады. Онымен тек маңызды адамдар жұмыс істейтінін айтады. Тездетіңіз, әйтпесе қазір бәрін жоғалтып аламыз дейді», – деп жазды медиа маманы.