Қоғам

Желіде 52 жасында тұрмысқа шыққан әйелдің тойы талқыға түсті

фото: видеодан скриншот

Желі қолданушылары анасына бақыт тілеп, қызының дауысы баға берді

Желіде анасының 52 жасында екінші рет тұрмысқа шығып, тойында қызының ән айтып тұрған сәтінен видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қызының айтуынша, анасы 30 жастан енді асқан шағында ажырасып кеткен.

«Әкемізбен 30 жастан енді асқанда ажырасып кеткен. Көрмегені жоқ. Екі қызымды өсіремін деп ешкімге қарамады. Біздің отбасымыз бар. Анамыз жалғыз. Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан!» - деп жазды қызы.

Видеоның астына желі қолданушылары анасына бақыт тілеп, қызының дауысы баға берді.

«Мамаңызға бақыт тілеймін, әйел адамның қанша жаста болғаны маңызды емес, бастысы бақытты, ал сіздің дауысыңыз керемет», «Мамаңыз бақытты екені көрініп тұр. Алла ұзақ ғұмыр және махаббат берсін», «Анаңыз бақытты болсын! Әрбір әйел бақытты болуға лайық. Өмірге бір рет қана келеміз, сондықтан жүрегің не қаласа соны жасау керек», - деп жазды желі қолданушылары.