Жаһан

Түркияда авиациялық зауытта теракт болды: Қаза тапқандар бар

сурет ашық дереккөзден алынды

Түркияның Ішкі істер министрі Али Ерликая бұл оқиғаны теракт деп атады.

Анкарада TUSAŞ аэроғарыш компаниясының жанында жарылыс болды. Бұл компания ұшқышсыз ұшатын аппараттар өндірумен айналысады, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркиялық A Haber телеарнасының мәліметінше, шабуылдаушылар нысанға кірмек болған, бірақ күзетшілерге тап болған. Осыдан кейін жарылыс болып, атыс басталған.

Түркияның Ішкі істер министрі Али Ерликая бұл оқиғаны теракт деп атады. Ол бірнеше адамның зардап шеккенін, тіпті қаза болғандар бар екенін айтты, бірақ нақты мәлімет бермеді.