2025 жылы Қазақстан Ауғанстанға автокөлік сатпақ
22 қазанда Алматыда Қазақстан – Ауғанстан бизнес форумы өтті.
Сол форумда Ауғанстанға көлік жөнелту мәселесі көтерілді. Бұл мәселені Қазақстандағы бірнеше жеткізушімен талқылаған. Ең бастысы ауған тарапынан сенімді серіктес керек. Сондай-ақ жеткізу жолын (маршрут) айқындау қажет.
«Ауғанстандық әріптестер көлік жеткізуді сұрады. Кабул қала ретінде жақсы дамып келеді. Құрылыс пен сауда жүріп жатыр. Орта тап дамуда. Сол себепті бұрын тебілген және жаңа көліктерді сататын автоорталық ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Келесі жылы көлік сата бастауға болады», - деді вице-премьер Серік Жұманғарин брифингте.