Жаңалықтар

Астанада базар сатушысы «насвай» сатып келген

«Байқоңыр» ауданының учаскелік инспекторлары рейд жүргізу кезінде Сейфуллин көшесіндегі жабық базар аумағынан шамамен 3 килограмм «насвай» тәркіледі.

Пластикалық бөтелкелерге оралған тыйым салынған затты базар сатушысы саудалаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады turkystan.kz.

16 қыркүйектен бастап елорда аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Елорда сауда орындары бойынша күн сайын рейдтер өткізіледі. Базарларда және басқа да сауда орындарында 8 мыңға жуық рейд жүргізіліп, оның ішінде 343-і базарларда өтті.

Іс-шара барысында 11 мыңға жуық тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 500 тұрғылықты мекенжайы жоқ адам ұсталды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 153 кәмелетке толмаған бала жауапкершілікке тартылып, 60 ата-ана бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған 11 мыңнан астам адам тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді.