Дәрігерлер жүрегі кенеттен тоқтап қалған жүкті әйелді аман алып қалды (ВИДЕО)
Дәрігерлердің кәсіби шеберлігі мен жедел қимылының арқасында әйелдің жүрегі қайта соғып, өміріне төнген қауіп сейілді.
Шымкентте дәрігерлер жүрегі соқпай қалған жүкті әйелді құтқарып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
5 қазан күні таңғы сағат 06:00 шамасында Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентхана бөліміне жедел жәрдем бригадасы өте ауыр халдегі әйелді жеткізген.
«Үй жағдайында босанып қойған әйел көп мөлшерде қан жоғалтқан, жедел жәрдем барлық көмекті көрсетіп ауруханаға тасымалдаған, ауруханада әйел жағдайы нашарлап жүрегі тоқтап клиникалық өлім болған. Дәрігерлер бірден әрекетке көшіп, бірнеше сағат бойы науқастың өмірі үшін күресті. Әйелдің жүрек қағысын қайта орнына келтірген соң, дереу операция жасалды, себебі жатырдан қан кету тоқтамаған болатын. Науқасқа шұғыл түрде үлкен көлемде қан құйылып, қажетті ем-шаралардың бәрі жасалды. Дәрігерлердің кәсіби шеберлігі мен жедел қимылының арқасында әйелдің жүрегі қайта соғып, өміріне төнген қауіп сейілді. Сол уақытта дүние есігін енді ашқан сәбидің де жағдайы өте ауыр болды. Бала бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер мен медбикелер оның өмірін сақтап қалу үшін тәулік бойы күрес жүргізді. Бүгінде ана мен баланың жағдайы тұрақты, жақын күндері үйіне шығарамыз», - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram