Қайрат Сатыбалдының анасы қайтыс болды
Светлана Мырзахметқызы Назарбаева 77 жасында дүниеден озды.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні Светлана Назарбаева 77 жасына қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлады turkystan.kz.
Суық хабар туралы @yedilovonline телеграм-арнасының авторы Ербол Еділов жазды.
«Светлана Мырзахметқызы Назарбаева 77 жасында дүниеден озды. Орны толмас қайғыға байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Иманы саламат болсын!»,- деп жазды ол.
Айта кетейік, Светлана Назарбаева – бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің жұбайы, Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы.