Кәмелетке толмаған жасөспірім Астана тұрғындарынан 11 млн теңге алып кеткен

22 қазан, 2024 / Админ
istockphoto.com
Ол алаяқтық үшін сотталды.

Жасөспірім Астана тұрғындарын трейдинг компаниясына ақша салып, инвестиция жасауға көндірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жәбірленушілерді салынған ақшаның 22% мөлшерінде сыйақы және алып келген әр клиент үшін 10% мөлшерінде сыйақы беріледі деп алдаған», - деді Астана прокуратурасы.

Осылайша кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім 20 азаматтан 11 млн теңге алған. Қаражаттың бәрін өз қажетіне жұмсаған.

Ол сотталып, жәбірленушілердің шығын қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Тэгтер:

Алаяқ Жасөспірім