Теміртауда 63 жастағы әйел ер адамды пышақтап өлтірген
Кісі өлтіру фактісі бойынша 21 қазанда Теміртауда қылмыстық іс қозғалды.
Tеміртауда 63 жастағы әйел бірге тұрған ер адамды өлтірді деген күдікке ілінді. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті.
Қылмыс 21 қазанда оң жағалаудағы көпқабатты пәтерлердің бірінде жасалған. Көршілердің айтуынша, бірге тұратындар арасында жанжал болған, оның барысында әйел пышақты ұстап алған. Қарағанды облысы полиция депаратаменті баспасөз қызметі өкілдері өлтіру фактісін растады.
«Кісі өлтіру фактісі бойынша 21 қазанда Теміртауда қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 63 жастағы әйелді ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілі.
Айта кету керек, жәбірленуші мен күдікті бұған дейін полицияда тіркеуде тұрмаған.