Жаңалықтар

Құны 200 млн теңге тұратын темекіні Қазақстаннан жасырын шығармақ болған

ҰҚК

Заңсыз тауарды БҚО шекарасында ұстаған.

ҰҚК шекарашылары БҚО мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз тауар өткізбек болғандарды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 17 қазан күні болған. 336 қорап темекіні құрылыс материалдары деген желеумен Қазақстаннан шығаруға тырысқан. Тауардың ілеспе хаты болмаған.

Алдын-ала дерек бойынша барлық тауардың құны 200 млн теңге. Тауарды мемлекеттік кірістер департаментіне жіберген.