Ақтауда жоғалып кеткен қыз 6 күннен кейін табылды

22 қазан, 2024 / Інжу Әлихан
istockphoto.com
22 қазан күні Жаңаөзен қаласынан табылды

Ақтауда 16 қазан күні үйінен белгісіз себептермен шығып кеткен 15 жастағы жасөспірім аман-есен табылды. Бұл туралы полиция басқармасы хабарлады.

«Ақтау қаласы полиция басқармасы криманалдық полиция қызметкерлері жасөспірімді ата-анасының арызы негізінде іздеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жоғалған қыз 22 қазан күні Жаңаөзен қаласынан табылды», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда жасөспірімнің таңертең колледжге кетіп, қайтып оралмағанын хабарлаған едік. Іздестіру жұмыстарын полицейлер мен «LIDER.KZ» еріктілер тобы жүргізді.

Тэгтер:

Ақтау