Жаңалықтар

Жастар арасындағы Әлем чемпионаты: Бейбіт Қорғанов жұбаныш айналымына шықты

olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының өкілі Бейбіт Қорғанов (97 келіге дейінгі салмақта) Тиранда (Албания) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жұбаныш айналымына өтті.

Финалда Қорғанов армениялық Хайку Хлоянуға есе жіберген еді.

Жартылай финалдар қорытындысы бойынша Хлояну финалға шығып, Қорғановта жұбаныш айналымына шығу мүмкіндігі туды. Ол бүгін, 22 қазан күні болады.

Қазақстандықтың қарсыласы Германиядан келген Антон Вьювег болмақ.

Еске салсақ, жұбаныш айналымы сәтті өтсе, Бейбіт Қорғанов «қолаға» таласады.