Жаңалықтар

Оралда полиция қызметкерін пышақтап кеткен

istockphoto.com

Қазір денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Орал қаласында полиция қызметкері пышақ жарақатын алды. Құқыққорғаушы оқиға кезінде еңбек демалысында болған, деп хабарлады turkystan.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 12 қазанда болған. 43 жастағы полиция қызметкері пышақ жарақатын алғанын БҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді. Қазіргі уақытта денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Құқыққорғаушылар күдіктіні анықтап, ұстағанын атап өтті. Сот оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Өңірлік ПД полиция қызметкерінің кезекті еңбек демалысында болғанын айтты.