Жаңалықтар

Білім грантын иеленген әскери қызметшілердің тізімі жарияланды

Қорғаныс министрлігі

Министрлік грант иеленген 1500 адамның тізімін жариялады.

Қорғаныс министрлігі ұсынған грантқа 18 мыңдай адам үміткер болған. Министрлік грант иеленген 1500 адамның тізімін жариялады.

Министрлік өкілдері 1500 орынға 2023 жылғы күзде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің 17 927 сарбазы үміткер болғанын мәлімдеді.

Конкурсқа:

Қорғаныс министрлігінен 8 169; Ұлттық ұланнан 6 441; Төтенше жағдайлар министрлігінен 315; Шекара қызметінен 2 715; Мемлекеттік күзет қызметінен 287 сарбаз қатысқан.

«Күштік құрылымдар әскери бөлімдері сарбаздарының қызметтің барлық кезеңіндегі үлгерімі мен тәртібі бойынша нәтижелері енгізілген "Срочники 2.0" ақпараттық жүйесі іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етті», - делінген ведомство хабарламасында.

Білім беру жеңілдіктеріне ие болған әскери қызметшілердің толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/article/details/184648?directionId=_136&lang=kk