Жаңалықтар

«Болашақ» бағдарламасының түлектеріне алаяқтар туралы ескертілді

istockphoto.com

Орталық соңғы уақытта алаяқтық жағдайлар жиілеп кеткенін атап өтіп, абай болуды сұрады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» стипендиаттар, «Болашақ» бағдарламасының және ғылыми тағылымдама түлектеріне ескерту жасады.

Орталық соңғы уақытта алаяқтық жағдайлар жиілеп кеткенін атап өтіп, абай болуды сұрады.

«Алаяқтар Халықаралық бағдарламалар орталығының атынан хабарласып, SMS арқылы келген тексеру кодтарын немесе ақшалай қаражат жіберуді сұрайды. Халықаралық бағдарламалар орталығы ешқашан тексеру кодтарын сұрамайды және ақшалай қаражат талап етпейді. Барлық ресми ақпарат біздің ресми байланыс арналары немесе кураторлар арқылы ғана жіберіледі. Сақ болыңыздар! Жеке деректерді бөгде адамдарға бермеңіздер. Осындай жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына жүгініңіздер», - делінген хабарламада.