Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

22 қазан, 2024 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

22 қазанда Петропавл, Балқаш, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Тэгтер:

Ауа сапасы