Жаңалықтар

Астанада газ баллондары тиелген жүк көлігі жарылды

видеодан алынған скрин

Жарылыс пен өрттен жақын маңдағы үш көлік зақымдалған, зардап шеккендер жоқ.

Астанада газ баллондары тиелген жүк көлігі өртеніп, артынша жарылыс болған, деп хабарлады turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қатты ысыну салдарынан баллондар жарыла бастаған.

Өрт сөндірушілер келгенше 17 баллонның алтауы жарылып үлгерген.

«Өрт сөндірушілер су шашу және баллондарды салқындату арқылы өртті санаулы минуттарда сөндірді», — делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Жарылыс пен өрттен жақын маңдағы үш көлік зақымдалған, зардап шеккендер жоқ.